Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Ералы Тоғжановты Ақтөбе облысының әкімі лауазымынан босатты

Опубликовано:

Ералы Тоғжанов
Ералы Тоғжанов. Фото: primeminister.kz

Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламда.

Айта кетейік, Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып 2022 жылғы 31 тамызда тағайындалған еді.

Ақтөбе облысы әкімдігінің ресми сайтындағы мәлімет бойынша, Ералы Тоғжанов 1963 жылғы 13 мамырда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

1988 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін, 1994 жылы Қазақстан Республикасының Ғылым академиясының Мемлекет және құқық институтын тәмамдаған. Мамандығы бойынша біліктілігі - заңгер.

Еңбек жолын 1980 жылы Орал облысы Октябрь орман шаруашылығының жұмысшысы ретінде бастаған.

1988-2001 жылдары — Қарағанды мемлекеттік университетінде оқытушы, Ғылым академиясының Мемлекет және құқық институтының директоры, факультет деканы, Қазақ мемлекеттік заң университетінің филиалының директоры.

2001-2006 жылдары — Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.

2006-2008 жылдары — Әділет министрлігінің Дін істері жөніндегі комитет төрағасы.

2008-2017 жылдары — Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Президент әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығының меңгерушісі, Президент әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі.

2017-2019 жылдары — Маңғыстау облысының әкімі.

2019-2020 жылдары — Кәсіподақтар федерациясының төрағасы қызметтерін атқарған.

2020 жылы 11 ақпанда премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды.

2021 жылы 18 қаңтарда сондай-ақ 2022 жылғы 11 қаңтарда президент жарлығымен осы қызметіне қайта тағайындалды.

2022 жылғы 31 тамызда Ақтөбе облысының әкімі қызметіне кірісті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2035268-eraly-togzanov-aqtobe-oblysy-akimi-qyzmetinen-bosatyldy/

pixel