jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Асхат Шахаров Ақтөбе облысының жаңа әкімі болып тағайындалды

    Асхат Шахаров
    Асхат Шахаров. Фото: Telegram/Ukimet

    Асхат Шахаров Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.

    Мемлекет басшысының жарлығымен Асхат Берлешұлы Шахаров Ақтөбе облысының әкімі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

    Асхат Шахаров 1978 жылы дүниеге келген.

    1999 жылы Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясын "Дене тәрбиелеу мәдениетінің оқытушысы спорт жаттықтырушысы", 2002 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін "Халықаралық деңгейдегі экономист" мамандықтары бойынша бітірген. Экономика ғылымының кандидаты.

    Еңбек жолын 2000 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің спорттық пәндер кафедрасының оқытушысы болып бастаған.

    Әр жылдары Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушысы, Ақтөбе облыстық Олимпиада резервін даярлау орталығының директоры болып қызмет еткен.

    Батыс Қазақстан облысындағы Қаратөбе, Бәйтерек аудандрының әкімі болған.

    2020 жылғы 16 наурызда Ақтөбе қаласының әкімі болып тағайындалып, бұл қызметті 2022 жылдың желтоқасынан дейін атқарды.

    Айта кетейік, Асхат Шахаров дзюдо мен самбодан еңбек сіңірген спорт шебері, дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдегері, самбодан үш дүркін әлем чемпионы, екі дүркін әлем кубогының жеңімпазы, үш дүркін Азия чемпионы. Ол сондай-ақ Сиднейде өткен Олимпиада ойындарына қатысқан.

    Асхат Шахаров Ақтөбе облысының жаңа әкімі болып тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.