Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент қаласы мен Ақтөбе облысының әкімдері ауысады деп күтілуде

Опубликовано:

Мұрат Әйтенов пен Ералы Тоғжанов
Мұрат Әйтенов пен Ералы Тоғжанов. Фото: gov.kz

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов пен Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов қызметінен босатылады деп күтілуде. Тиісті ақпарат өңірлік мәслихаттардың ресми сайттарында жарияланды.

Ақтөбе облысы мәслихатының ресми сайтында: "Ақтөбе облысы мәслихаттары депутаттарының облыс әкімін тағайындауға келісім беру мәселесі бойынша жиналысы 2023 жылғы 5 қыркүйекте сағат 13.00-де Аққағаз Досжанова атындағы Конференц - Холл ғимаратында өтеді", - делінген.

Сондай-ақ Шымкент қаласы мәслихатының ресми сайтында да қала басшысының ауысуы мүмкін туралы ақпарат шықты.

"Қазақстан Республикасы президентінің 2022 жылғы 8 маусымдағы №912 жарлығымен бекітілген "Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беру" қағидаларының 5,6-тармақтарына сәйкес Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарының жиналысы өтеді.

Күн тәртібі: Шымкент қаласы әкімін тағайындауға келісім беру туралы.

Өтетін уақыты: 2023 жылғы 5 қыркүйекте сағат 15.00-де.

Өтетін орны: Шымкент қаласы, Nursultan Nazarbaev даңғылы, №10 ғимаратының 3 қабатында орналасқан кіші залында", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2035280-symkent-qalasy-men-aqtobe-oblysynyn-akimderi-auysady-dep-kutilude/

pixel