Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде үкімет құрамы қалай өзгерді

Опубликовано:

Үкімет отырысы өтетін зал
Үкімет отырысы өтетін зал. Көрнекі фото: t.me/bort_01

Мемлекет басшысының халыққа арнаған жолдауынан кейін Қазақстанда жаңа министрліктер пайда болып, ескі министрлердің лауазымы ауысқан болатын – бүгінде министрлер кабинетінің жаңа құрамы қандай? Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

1 қыркүйек күні мемлекет басшысының жарлығымен бірнеше министрлік құрылған болатын:

  • Су ресурстары және ирригация министрлігі;
  • Көлік министрлігі;
  • Туризм және спорт министрлігі;
  • Мәдениет және ақпарат министрлігі;
  • Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.

Кейін жаңа министрліктердің басшылары тағайындалды:

  • Су ресурстары және ирригация министрі болып Нұржан Нұржігітов;
  • Көлік министрі болып Марат Қарабаев;
  • Туризм және спорт министрі болып Ермек Маржықпаев;
  • Мәдениет және ақпарат министрі болып Аида Балаева;
  • Өнеркәсіп және құрылыс министрі болып Қанат Шарлапаев тағайындалды.

Сондай-ақ бұрыннан бар министрліктердің басшылары ауысқан:

  • Ішкі істер министрі лауазымына Ержан Сәденов;
  • Сауда және интеграция министрі лауазымына Арман Шаққалиев;
  • Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі лауазымына Светлана Жакупова;
  • Ауыл шаруашылығынің министрі лауазымына Айдарбек Сапаров;
  • Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына Ерлан Нысанбаев қойылды.

Ал қалған министрлер ескі қызметінде қалған:

  • Энергетика министрі қызметін Алмасадам Сәтқалиев;
  • Ұлттық экономика министрі қызметін Сырым Шәріпханов;
  • Оқу-ағарту министрі қызметін Ғани Бейсембаева;
  • Денсаулық сақтау министрі қызметін Ажар Ғиниятқызы;
  • Ғылым және жоғары білім министрі қызметін Саясат Нұрбек;
  • Әділет министрі қызметін Азамат Есқараев;
  • Сыртқы істер министрі қызметін премьер-министрдің орынбасары Мұрат Нұртілеу;
  • Қаржы министрі қызметін премьер-министрдің орынбасары Ерұлан Жамаубаев атқаруда.

Айта кетейік, Ұлттық банктің төрағасы болып Тимур Сүлейменов тағайындалған болатын.

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың алты орынбасарының ішінде екеуінің қызметі ауысқан:

Тамара Дүйсенова бұған дейін Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі мен премьер-министрдің орынбасары қызметін қатар атқарып жүрген еді, бүгінде енді тек премьер-министрдің орынбасары міндетін атқарады.

Серік Жұманғарин да бұған дейін Сауда және интеграция министрі мен премьер-министрдің орынбасары қызметін қатар алып жүрген болатын, бүгінде тек премьер-министрдің орынбасары қызметін атқаруда.

Премьер-министрдің қалған 4 орынбасары ескі лауазымында қалған: яғни, премьер-министрдің бірінші орынбасары - Роман Скляр, премьер-министрдің орынбасары әрі үкімет аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев, сонымен қатар жоғарыда аталған Мұрат Нұртілеу мен Ерұлан Жамаубаев.

Жалпы бүгінде Қазақстанда 21 министрлік, ал министрлер кабинетінде 26 министр.

Еске сала кетейік, 1 қыркүйекте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлықтары бойынша Қазақстанның бірқатар министрі қызметінен босатылған еді:

  • Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымынан босатылды;
  • Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымынан босатылды;
  • Асхат Раздықұлы Оралов Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі лауазымынан босатылды;
  • Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымынан босатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2035341-elimizde-ukimet-quramy-qalai-ozgerdi/

pixel