Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент әкімі лауазымына үміткер болғандардың есімі анықталды

Опубликовано:

Рашид Мыңбаев
Рашид Мыңбаев. Фото: gov.kz

Шымкент әкімі лауазымына үміткер болғандардың есімі белгілі болды. Әкім орнына Рашид Мыңбаев пен Ғабит Сыздықбеков таласқан. Бұл туралы Қазақстан үкіметі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша премьер-министр Әлихан Смайылов Шымкентке барып, қалалық мәслихат депутаттарының жиналысына қатысты.

Жиналыс барысында депутаттарға қала әкімі лауазымына Рашид Мыңбаев пен Ғабит Сыздықбековтің кандидатуралары таныстырылды. Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының тиісті хатын оқыды.

Ашық дауыс беру нәтижесінде 10 депутат Рашид Мыңбаевқа дауыс беріп, 19 депутат Ғабит Сыздықбековтің кандидатурасын қолдаған болатын. Жиналысқа барлығы 29 депутат қатысты.

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты ресми сайтының дерегінше, Рашид Мыңбаев 1981 жылы 11 сәуірде ОҚО Бәйдібек ауданы Шаян ауылында дүниеге келген.

Жоғары білімі бар, заңгер, экономист, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі.

Рашид Мамытұлы еңбек жолын 2002 жылы Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілерді кодификациялау бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.

2006-2007 жылдары заңға тәуелді актілерді сараптау басқармасы бастығының орынбасары - Әділет министрлігі Заңға тәуелді актілер департаментінің қорғаныс, құқық тәртібі және сыртқы байланыс мәселелері бойынша актілерді сараптау бөлімінің басшысы лауазымын атқарды.

2007 жылы президенттің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына түсіп, 2009 жылы “мемлекеттік және жергілікті басқару” магистрі атанды.

Кейін оның қызметтік жолы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі, көмекшісі, кейіннен қоғамдық қатынастар мониторингі бөлімінің меңгерушісі қызметтерімен жалғасты.

Сонымен қатар 2016-2018 жылдары Кентау қаласы әкімінің орынбасары болды.

2019-2020 жылдары Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы, ал 2020 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Шымент қаласының әкімі аппарат басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2035366-symkent-akimi-lauazymyna-umitker-bolgandardyn-esimi-anyqtaldy/

pixel