jitsu gif branding logo appbranding logo app

Мемлекет басшысы Қазақстан қарулы күштері бас штабының шұғыл кеңесін өткізді

Қарулы күштер бас штабының басқару пункті
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: t.me/aqorda_resmi

Қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Батыл тойтарыс – 2023" оқу-жаттығу жиыны өтетін жерге келген соң, Бас штабтың алдыңғы шептегі басқару пунктін аралап көріп, шұғыл кеңес өткізді. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Бас штабтың бастығы, генерал-лейтенант Марат Құсайынов жалпы ахуал жөнінде баяндады. Содан кейін премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр бейнебайланыс режимінде еліміздің қорғаныс әлеуетін арттыру үшін әзірленген шаралар туралы баяндама жасады.

Ал әскер түрлерінің бас қолбасшылары және "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, сондай-ақ Абай облысының әкімі мен Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің міндетін атқарушы өздеріне сеніп тапсырылған аумақтағы жүктелген міндеттердің орындалу барысы жөнінде баяндады.

Кеңес барысында президент әскерді жоғары технологиялық қару-жарақпен және әскери техникамен қамтасыз ету қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ отандық қорғаныс өнеркәсібі кешенін нығайтудың маңыздылығына назар аударды.

Мемлекет басшысы Қазақстан қарулы күштері бас штабының шұғыл кеңесін өткізді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.