Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев жаңадан тағайындалған Экология және табиғи ресурстар министрін қабылдады

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ерлан Нысанбаев
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ерлан Нысанбаев. Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа министрге бірнеше тапсырма берді:

  • жаңа экологиялық заңнаманы жүзеге асыруға және табиғи ресурстарды сақтауға қатысты бірқатар тапсырма берді;
  • ️Ірі кәсіпорындардың шығарындыларын азайту жөніндегі жоспардың іске асырылуын, сондай-ақ осы нысандардағы шығарындыларға мониторинг жасау үшін автоматтандырылған жүйе енгізу ісін ерекше бақылауға алуды тапсырды;
  • ️министрлікке қарасты ведомстволық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жақсарту және ұлттық парктердегі орман өртінің ошақтарын ерте анықтау жүйелерін тезірек енгізу, сондай-ақ орман шаруашылығы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөнінде жүйелі шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.
  • ағаш отырғызуға қатысты ауқымды бағдарламаны жүзеге асыру және ретсіз пайда болған қоқыс полигондары мәселесін шешудің кешенді тәсілдерін әзірлеу маңызды екеніне назар аударды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2035486-toqaev-ekologiya-zane-tabigi-resurstar-ministrin-qabyldady/