Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Болат Тілеп Президент әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды

Опубликовано:

Болат Тілеп
Болат Тілеп. Фото: aqorda.kz

Болат Тілеп Президент әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.

"Мемлекет басшысының өкімімен Болат Анапияұлы Тілеп Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Премьер-министрдің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Болат Тілепов 1978 жылы Кентау қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін "саясаттанушы, саясаттану оқытушысы" мамандығы бойынша тәмамдаған.

2001-2005 жылдары "Стратегия" талдау орталығы" қоғамдық қорының сарапшысы, Әлеуметтік-саяси зерттеулер ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері, Саяси технологиялар орталығының аға ғылыми қызметкері болып жұмыс істеген.

2005-2006 жылдары — Алматы қаласы әкімі аппаратының Қазақстан халқы кіші ассамблеясы меңгерушісінің міндетін атқарушы, хатшылық меңгерушісі.

2008 жылы — Алматы қаласы Ішкі саясат департаменті директорының орынбасары, Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары.

2008 жылдан 2013 жылға дейін — Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, басшысы.

2013-2014 жылдары — "Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы" ММ басшысы.

2014-2015 жылдары — Қорғаныс министрлігінің Әкімшілік департаменті басшысының орынбасары.

2015-2016 жылдары — премьер-министр орынбасарының кеңесшісі.

2017-2019 жылдары — Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшілігінің кеңесшісі.

2019-2020 жылдары — Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.

2020-2022 жылдары Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметтерін атқарған.

2022 жылдың ақпан айынан бүгінгі күнге дейін Президент әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2035546-bolat-tilep-prezident-akimsiliginin-iski-sayasat-boliminin-mengerusisi-lauazymynan-bosatyldy/

pixel