Белгілі журналист Тоқаевтың баспасөз хатшысы болып тағайындалды
Жарияланған күні:
Белгілі журналист Нұрмұхамед Байғараев мемлекет басшысының баспасөз хатшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
"Нұрмұхамед Исманұлы Байғараев Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Нұрмұхамед Байғараев бұған дейін президенттің баспасөз хатшысының орынбасары қызметін атқарды.
ҚазАқпарат агенттігінің жазуынша, Нұрмұхамед Байғараев "Болашақ" бағдарламасы арқылы 2017 жылы Ұлыбританияның Ланкастер университетінде білім алған (MSc of Project Management).
Бірқатар баспасөз басылымы мен электронды БАҚ-та жұмыс істеген, "Айқын" газетінің бас редакторы, сондай-ақ "Егемен Қазақстан" басылымында бас редактордың орынбасары болған.
Әр жылдары "Хабар", "Qazaqstan" телеарналарында продюсер, сценарист және жүргізуші болып еңбек еткен.
Сонымен қатар Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ сараптама және стратегиялық даму департаментінің директоры және "Қазақ радиолары" ЖШС бас директорының кеңесшісі қызметтерін атқарған.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай болған еді. Ол 1 қыркүйекте президенттің ішкі саясат мәселелер және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2035551-belgili-zurnalist-nurmuxamed-baigaraev-memleket-bassysynyn-baspasoz-xatsysy-bolyp-tagaiyndaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.