Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев жаңадан тағайындалған Су ресурстары және ирригация министріне бірқатар тапсырма берді

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Нұржан Нұржігітов
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Нұржан Нұржігітов. Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовті қабылдады, деп хабарлады Ақорда ресми сайтында.

Кездесу барысында президент су ресурстарын басқару мәселелері бойынша Орталық Азия елдерімен өзара іс-әрекетті жолға қою маңызды екенін атап өткен.

Сонымен қатар министрлікке су шаруашылығы инфрақұрылымдарын кең көлемде жаңғырту, суды есептеу және бөлу жүйесін цифрландыру міндеті жүктеген.

Сондай-ақ мемлекет басшысы су ресурстарын тиімсіз пайдалануға және гидротехникалық нысандардың әбден тозуына қатысты мәселелерді шешу үшін жаңа Су кодексін уақтылы қабылдау қажеттігін айтқан.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Нұржан Нұржігітов басқаратын ведомствоға Ұлттық гидрогеологиялық қызметті қайта құру және министрлікке қарасты ұйымдарды трансформациялау жұмыстарын аяқтауды тапсырған.

Естеріңізге сала кетейік, 1 қыркүйекте елімізде Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылды.

Бұған дейін Жамбыл облысын басқарған Нұржан Нұржігітов жаңадан құрылған министрліктің басшысы болып тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2035576-toqaev-su-resurstary-zane-irrigaciya-ministri-nurzan-nurzigitovti-qabyldady/