Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде 5 жаңа министрлік құрылды

Опубликовано:

Құжатқа қол қойып отырған ер адам
Құжат толтырып отырған ер адам. Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстанда бес жаңа министрлік құрылды. Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Мемлекет басшысының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" жарлығымен:

  • Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылды;
  • Көлік министрлігі құрылды;
  • Туризм және спорт министрлігі құрылды;
  • Мәдениет және ақпарат министрлігі құрылды;
  • Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі құрылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында Көлік министрлігін қайта құру қажеттігін мәлімдеген болатын.

"Жалпы алғанда, Қазақстан Еуразия құрлығындағы басты транзит хабы ретіндегі рөлін арттыруы керек. Осылайша, уақыт өте келе көлік-логистика саласындағы ірі мемлекетке айналуымыз қажет. Көлік-логистика саласын қарқынды дамыту – бұл стратегиялық міндет", – деді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2034938-elimizde-5-zana-ministrlik-quryldy/

pixel