Тоқаев Бразилия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Силваға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.
Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Луис Инасиу Лула да Силваны Бразилияның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтаған.
Сонымен қатар президент жеделхатта Бразилия Қазақстанның Оңтүстік Америкадағы маңызды әрі сенімді серіктесі екеніне назар аударып, дәстүрлі достық рухындағы ынтымақтастықтың ауқымы кеңейіп келе жатқанын атап өткен.
Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы өзара байланыстың нығая түсетініне сенім білдіріп, Луис Инасиу Лула да Силваның аса жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, барша Бразилия халқына құт-береке тілеген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2035618-toqaev-braziliya-prezidentine-quttyqtau-zedelxatyn-zoldady/