Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алматылықтар - сіз ғана емессіз": Досаев қызметінен кетуді ұсынған тұрғынға жауап берді

Опубликовано:

Ерболат Досаев
Ерболат Досаев. Видеодан кадр: youtube.com/@AlmatyUS

Алматы әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесу кезінде қызметінен кетуді ұсынған қала тұрғынына жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

Кездесуге келген қала тұрғындарының бірі қарапайым халықтың қала әкіміне кіре алмайтынын айтып, оған қызметінен кетуді ұсынды.

"Қала тұрғындары сіз ғана емес екеніңізді айтқым келеді, кіре алмау мәселесіне келер болсақ, кейде қойылатын сұрақтар мен үшін ыңғайсыз болса да, сапарда да, кездесулер кезінде де оларға жауап беріп жүрмін.

Бұл залда ешқандай шектеу жоқ, адамдар келіп-кетіп, сұрақтарын қойып жатады, бұл әр ауданда да бар.

Бұйрық бердім бе деп сұрасаңыз (АЭС-ке наразылық білдірген адамдарды ұстауға – ред.) – жоқ. Менің тағдырым әйтеуір шешілер, шешім қабылданар, бірақ өкінішке қарай тек сіздің пікіріңізге сүйене алмаймын", – деп жауап берді әкім.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2035651-almatylyqtar-tek-siz-emessiz-dosaev-qyzmetinen-ketuin-talap-etken-turgynga-zauap-berdi/

pixel