Абай облысында еңбек және әлеуметтік қатынастар мәселесі қатаң бақыланып отыр
Жарияланған күні:
Абай облысы әкімдігінде "Әлеуметтік әріптестік, еңбек және әлеуметтік қатынастарды реттеу" жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті.
Жиында "Семей машина жасау зауыты" АҚ және "Теплокоммунэнерго" МКК (Шульбинск филиалы да) жалақы берешегін өтеу, "SHARCEM (ШАРЦЕМ)" ЖШС және "КАZ Minerals Aktogay" ЖШС-де жергілікті тұрғындарды жұмысқа орналастыру, шетелдік жұмысшылар мен қазақстандық жұмысшылардың арасында айырмашылық болдырмау және жалақысы көтеру, "Ядролық медицина және онкология орталығы" кәсіпорны қызметін тексеру қортындылары қарастырылды.
Бүгінде "Семей машина жасау зауыты" АҚ жалақы берешегін өтеу мақсатында санатор "Oljakol" ЖШС мен қызметкерлердің өкілі арасында меморандум жасалып, 2023 жылғы 13 қыркүйекке дейін толық төлеу кестесі жасалған. Жиында кәсіпорынның жаңа басшылары барлық берешекті уақытында жабатынын жеткізді.
2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдайға сәйкес "Теплокоммунэнерго" МКК шілде айына берешегі бар. Талдау көрсеткендей, жыл сайын маусымаралық кезеңде дебиторлық қарызды төлеуге байланысты кәсіпорында жалақыдан берешек пайда болады екен. Қазір қызметкерлердің жалақысын төлеу жолдары қарастырылып жатыр.
Биылғы 31 тамызда "SHARCEM (ШАРЦЕМ)" ЖШС кәсіпорны қызметкерлерінің жалақыны көтеру туралы талабына қатысты жағдайды реттеу үшін компания басшылығы, Жарма ауданының әкімі және аудан прокуроры ұжыммен кездесу өткізді. Келіссөздер нәтижесінде жұмыс беруші 200 қызметкердің жалақысын көтеру туралы шешім қабылдады. Жұмысшылардың тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында кәсіпорын асханасы мен жатақханасын жөндеп, осы айда аяқтауды жоспарлап отыр.
"Салалық басқарма "SHARCEM (ШАРЦЕМ)" ЖШС тексеру нәтижесінде анықталған кемшіліктерді 2023 жылғы 1 қазанға дейін жою шараларын қабылдасын. Аягөз, Жарма ауданының әкімдері жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасымен бірлесіп "KAZ Minerals Aktogay", "SHARCEM (ШАРЦЕМ)" кәсіпорнындағы бос жұмыс орындарына бірінші кезекте жергілікті тұрғындарды жұмысқа орналастыруды қарастырсын", - дейді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.
Бұдан бөлек, аймақ басшысы облыс әкімінің орынбасары Ш.Байбековке және денсаулық сақтау басқармасына "Ядролық медицина және онкология" орталығының тексеру жұмыстарын заңнамаларға сәйкес бекітілген мерзімде аяқтауды қамтамасыз етуді, сонымен қатар нәтижелері жанжақты талқыланып, объективті түрде шешім қабылдануын жүктеді.
Ақтоғай және Қопа ауылы тұрғандарын жұмыспен қамту мақсатында "KAZ Minerals Aktogay" ЖШС кәсіпорны өз қаражатына жана мамандықты меңгеруге немесе қайта даярлауды ұйымдастырып жатыр. Семей қаласындағы Электротехникалық колледжімен келісіп, 3 айлық қысқа курстар ашты. Бірінше кезекте 15 адамды оқытып, бағдарлама нәтижесін берсе, оқытатын адам санын көбейту көзделіп отыр.
Отырыс соңында Абай облысы әкімі келесі аптада арнайы "KAZ Minerals Aktogay" ЖШС және "Ядролық медицина және онкология" орталығының қызметкерлерімен арнайы кездесетінін жеткізді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2035654-abai-oblysynda-enbek-zane-aleumettik-qatynastar-maselesi-qatan-baqylanyp-otyr/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.