Тоқаев Ақордада Албания президентін қарсы алды (фото)
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысының резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Албания президенті Байрам Бегайды салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Албания президентін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі кезінде құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, Қазақстан мен Албанияның мемлекеттік әнұрандары шырқалған.
Осыдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Байрам Бегай бір-біріне ресми делегациялардың құрамын таныстырған.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 6-8 қыркүйекте Албания президенті Байрам Бегай Қазақстанға ресми сапармен келетінін хабарлаған едік.
Сапар аясында екі ел басшылары сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша келіссөздер жүргізеді, сонымен қатар халықаралық және өңірлік жағдайлар жөнінде пікір алмасады, деп күтілуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2035664-toqaev-aqordada-albaniya-prezidentin-qarsy-aldy/