"Меритократия принципі": белгілі журналист Тоқаевтың баспасөз хатшысы болып тағайындалуына қатысты пікір білдірді
Жарияланған күні:
Читать на русскомКүні кеше белгілі журналист Нұрмұхамед Байғараев мемлекет басшысының баспасөз хатшысы болып тағайындалды. Бүгін Ақорда кулуарында ол жаңа қызметіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Менің ойымша, бұл жерде ең алдымен, меритократия принципі. Сонымен қатар мұнда медиа саласындағы тәжірибені ескерген. Не дегенмен, 2008 жылдан бері жұмыс істеп келем, сіздердің әріптестеріңіз (журналист – ред.) болдым. Сондай-ақ бұл қызметте бір жыл жұмыс істедім. Мүмкін осы факторлар", – дейді ол журналистерге.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай болған еді. Ол 1 қыркүйекте президенттің ішкі саясат мәселелер және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды.
6 қыркүйек күні Нұрмұхамед Байғараев мемлекет басшысының жаңа баспасөз хатшысы болып тағайындалды.
Бұл тағайындауға дейін ол президенттің баспасөз хатшысының орынбасары қызметін атқарды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2035668-meritokratiya-principi-belgili-zurnalist-toqaevtyn-baspasoz-xatsysy-bolyp-tagaiyndaluyna-qatysty-pikir-bildirdi/