Тоқаев SINOPEC корпорациясының президенті Юй Баоцайды қабылдады
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев SINOPEC корпорациясының президенті Юй Баоцайды қабылдады. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысына SINOPEC компаниясының еліміздегі қызметінің қорытындысы және алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде мәлімет берілді.
Әңгімелесу барысында геологиялық барлау және мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру салаларындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.
Президент отандық компаниялардың SINOPEC корпорациясымен өзара іс-әрекеті Қазақстан мен Қытайдың стратегиялық серіктестігін нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика және химия салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру кезінде су үнемдейтін технологияларды енгізу маңызды екеніне назар аударды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2035829-toqaev-sinopec-korporaciyasynyn-prezidenti-yui-baocaidy-qabyldady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.