Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлытау облысында жылу электр станциясы салынады

Опубликовано:

жел электр станциясы
Фото: pixabay.com

Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданында қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясы салынады. Станция құрылысына отандық материалдар қолданылатын болады. Яғни, жел мұнараларының металл конструкциялары қазақстандық зауытта жасап шығарылады.

Жезқазған қаласында Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы мен "ТехноГруппСервис" және SINOHYDRO Engineering Bureau 4 (Lanzhou) Machinery and Equipment Co компаниясының өкілдері кездесті. Кездесуде Жезқазған қаласының өнеркәсіптік аймағында жел электр станцияcы мұнараларының металл конструкцияларын өндіру зауыты мен Жаңаарқа ауданында қуаты 1 ГВт жел электр станциясын салу жобасын жүзеге асыру жұмыстары жан-жақты талқыланды. Аталған мақсаттарға $1 млрд АҚШ доллары тартылатын болады.

SINOHYDRO Engineering Bureau 4 (Lanzhou) Machinery and Equipment Co қытайлық ірі power CHINA компаниялар тобына кіреді. Жиын барысында қытайлық инвесторлар Қазақстанның жасыл энергетика жобаларына қолдау көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді. Жобаның құрылысы 2024 жылы басталып, 2027 жылға дейін кезең-кезеңімен жүргізілетін болады.

Жаңаарқа ауданы
Фото: "ТехноГруппСервис" ЖШС

Жылу электр станциясын салуға 20 000 гектар жер бөлінеді. Ұлытау облысы үшін ЖЭС-тің салынуы өндірістік қажеттіліктен бөлек, экологиялық компоненттер үшін де маңызды болып отыр.

1 ГВт ЖЭС жобасының негізгі көрсеткіштеріне мынадай:

  • жылдық электр энергия өнімі: жылына 3,4 млрд кВт сағ;
  • белгіленген қуатты пайдалану коэффициенті: 39%;
  • желіге қосылу: 500 кВ;
  • отандық жабдықты пайдалану;
  • энергияны сақтау жүйелерін қолдану.

Жобаларды іске асыру еліміздің жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасымен бекітілген нысаналы индикаторларға қол жеткізіп, өндіру көлемін арттыруға, өңдеуші индустрияны дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, қосымша инвестициялар тартуға мүмкіндік береді.

Спутниктік сурет
Фото: "ТехноГруппСервис" ЖШС

ЖЭС құрылысын салу барысында 300-ге таман адам жұмыспен қамтылатын болады. Станция толықтай іске қосылғаннан кейін 80-ге таман маман тұрақты жұмысқа орналасады. Ал зауыттағы жаңа тұрақты жұмыс орындарының саны 230-ды құрайды. Өндірістік жоспар жылына 100 жел электр станциясының мұнарасын орнатуға негізделген.

Жобаны табысты әрі тиімді іске асыру үшін мемлекеттік қолдау шараларын көрсету мақсатында ҚР Энергетика министрлігінің, Сыртқы істер министрлігінің және басқа да ведомстволардың белсенділігі аса маңызды. Аталған жобалар тек Ұлытау облысының ғана емес, жалпы елімізің энергетикалық, инвестициялық саясатын іске асыруға ықпал етіп, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан басымдықтарға ие ететіні сөзсіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2035885-ulytau-oblysynda-zylu-elektr-stanciyasy-salynady/

pixel