Айдар Рысқұлов ҚТЖ директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды
Жарияланған күні:
Айдар Рысқұлов "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды "Самұрық-Қазына" қорының ресми Telegram-арнасы.
Айдар Рысқұлов Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған, Назарбаев Университетінің МВА магистрі дәрежесі бар.
Қазіргі уақытта Айдар Қайратұлы - "Самұрық-Қазына" АҚ экономика және қаржы бойынша басқарушы директоры, басқарма мүшесі.
Бұған дейін ол төрт жыл "Самұрық-Энерго" АҚ-да Экономика және қаржы бойынша басқарушы директор, басқарма мүшесі болған.
Әр жылдары "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ, АТФ Банк, Банк ЦентрКредит, Халық банк, "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ, "Самұрық-Қазына" АҚ-да жұмыс істеді.
Жеті жыл бойы Т. Рысқұлов қорында қаржы активтерін басқару директоры, сондай-ақ корпоративтік қаржы департаментінің директоры қызметін атқарды.
Сайттағы ақпаратқа сәйкес, "ҚТЖ" ҰК" АҚ – көлік-логистикалық холдингі, Қазақстан Республикасы темір жол магистралының операторы, Жүктер мен жолаушыларды ұлттық теміржол тасымалдаушы.
Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, "ҚТЖ" ҰК" АҚ Директорлар кеңесі 8 адамнан тұрады:
- Рысқұлов Айдар Қайратұлы - "ҚТЖ" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, Жалғыз акционер мүдделерінің өкілі;
- Сауранбаев Нұрлан Ермекұлы - "ҚТЖ" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі,"ҚТЖ" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы;
- Ауғанов Ғибрат Қайратұлы - "ҚТЖ" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Жалғыз акционер мүдделерінің өкілі;
- Бердіғұлов Ернат Құдайбергенұлы - "ҚТЖ" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Жалғыз акционер мүдделерінің өкілі;
- Ерубаев Қуат Қайыргелденұлы - "ҚТЖ" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Жалғыз акционер мүдделерінің өкілі;
- Вокурка Ульф - "ҚТЖ" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
- Александр Андреас Ширхубер - "ҚТЖ" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
- Джон (Ян) МакКей - "ҚТЖ" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2036120-aidar-rysqulov-qtz-direktorlar-kenesinin-toragasy-bolyp-tagaiyndaldy/