Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бауыржан Сыздықов төтенше жағдайлар вице-министрі лауазымына тағайындалды

Опубликовано:

Бауыржан Мәдиұлы
Бауыржан Мәдиұлы. Фото: t.me/KZgovernment

Үкіметтің қаулысымен Бауыржан Мәдиұлы Сыздықов төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалады. Бұл туралы Қазақстан үкіметі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

"ҚР Үкіметінің қаулысымен Бауыржан Мәдиұлы Сыздықов ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалады", - деп жазады Қазақстан үкіметі Telegram-дағы ресми арнасында.

Primeminister.kz сайтындағы мәліметке сәйкес, Бауыржан Сыздықов 1973 жылы Шымкент облысында дүниеге келген.

Ол 2000 жылы Қазақ мемлекеттік медицина университетін, 2010 жылы Ресей ТЖМ Азаматтық қорғау академиясын, 2019 жылы "Синергия" Мәскеу қаржы-өнеркәсіп университетін, 2022 жылы тұңғыш президенттің атындағы Ұлттық қорғаныс университетін бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар басқармасы Табиғи және техногендік төтенше жағдайлардың алдын алу, аумақты және халықты қорғау бөлімінің аға офицері болып бастаған.

2005-2010 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы Аумақты және халықты қорғау бөлімінің аға офицері, бастығы;

2010-2012 жылдары – ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс департаменті Халықты және аумақты қорғау басқармасының бастығы;

2012-2019 жылдары – Ақтөбе облысы ТЖД бастығының орынбасары, басшысы;

2019-2020 жылдары – Нұр-сұлтан қаласы ТЖД бастығы лауазымында жұмыс істеген;

2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

Сондай-ақ бүгінде ТЖМ басшысының 2023 жылғы 23 маусымдағы бұйрығы бойынша оған ТЖМ аппараты басшысының міндеттерін орындау жүктелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2036243-qazaqstanda-totense-zagdailar-vice-ministri-auysty/

pixel