Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Заңды бұзып, бизнеске қандай да бір кедергі жасау – мемлекеттік сипаттағы қылмыс

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаевтың отандық бизнес өкілдерімен кездесуі
Қасым-Жомарт Тоқаевтың отандық бизнес өкілдерімен кездесуі. Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесуде еліміздегі ірі, орта және шағын кәсіпкерлікке қатысты бірқатар мәселеге тоқталды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Мемлекет басшысы мемлекеттік аппараттың бизнесті сотқа жүгінуге мәжбүр ететін кемшіліктерді түзету жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілмейтінін атап өтті.

"Бүгінде сот шешімдерінің 60 пайыздан астамы азаматтар мен бизнестің пайдасына шешіледі (бұрын 15 пайыздан кем болған). Бұл оң үрдіс, әйтсе де асырасілтеушілікке және құбылушылыққа жол беруге болмайды. Сонымен қатар мемлекеттік аппараттың бизнесті сотқа жүгінуге мәжбүр ететін кемшіліктерді түзету жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілмейді", - дейді президент.

Осы орайда мемлкет басшысы үкімет Жоғарғы сотпен және Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, мемлекеттік органдар қызметіндегі теріс әрекеттерге мұқият талдау жасауға және оларды жою үшін пәрменді шаралар қабылдауға тиіс екенін айтты.

"Қайталап айтамын. Мемлекеттік аппараттың міндеті – еліміздегі заңды кәсіпкерлік қызметке жан-жақты көмек көрсету. Заңды бұзып, бизнеске қандай да бір кедергі жасау – мемлекеттік сипаттағы қылмыс.

Мен, президент ретінде, Қазақстанды бизнеске, соның ішінде ірі, орта және шағын кәсіпкерлікке өте қолайлы жағдай жасалған елге айналдыруды өз міндетім деп санаймын", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2036317-toqaev-zandy-buzyp-bizneske-qandai-da-bir-kedergi-zasau-memlekettik-sipattagy-qylmys/

pixel