Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Тәжікстанға жұмыс сапарымен барады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 14-15 қыркүйекте Тәжікстанға жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Ақорданың мәліметінше, сапар аясында президент Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V Консультативтік кездесуіне және Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысады.

Еске салайық, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 25-26 тамызда Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Астанаға келген болатын.

Ресми сапар барысында Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон мен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізгенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2036496-toqaev-tazikstanga-zumys-saparymen-barady/

pixel