Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Наталья Жұмаділдаева Оқу-ағарту бірінші вице-министрі болып тағайындалды

Опубликовано:

Наталья Жұмаділдаева
Наталья Жұмаділдаева. Фото: primeminister.kz

Үкімет қаулысымен Наталья Васильевна Жұмаділдаева Оқу-ағарту бірінші вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты.

Наталья Жұмаділдаева 1965 жылы Теміртау қаласында дүниеге келген.

1991 жылы Н.П. Огарева атындағы Мордова халықтар достығы ордені мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1987 жылы Қызылорда қалалық білім бөлімінің іс жүргізушісі қызметінен бастаған.

1987-2013 жылдары Қызылорда және Алматы қалаларының бірқатар мектебінде мұғалім, директордың орынбасары, директор болып жұмыс істеді.

2013-2016 жылдары – Қызылорда қалалық білім бөлімінің әдіскері, басшысының орынбасары, Жасөспірімдер және оқушылар үйінің директоры.

2016-2021 жылдары – Парламент мәжілісінің VI шақырылымының депутаты.

2021-2022 жылдары – "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ басқарма төрағасының кеңесшісі.

2022 жылы – Педагогикалық шеберлік орталығы директорының білім беру бағдарламалары және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары.

2022-2023 жылдары – Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім департаменті директорының міндетін атқарушы, директоры болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2036643-natalya-zumadildaeva-oqu-agartu-birinsi-vice-ministri-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel