Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлытау облысында қала әкімі тағайындалды

Опубликовано:

Айқын Елеусізов
Айқын Елеусізов. Фото: Ұлытау облысы әкімдігі

Ұлытау облысындағы Қаражал қаласының әкімі болып Айқын Елеусізов тағайындалды. Ол бұған дейін Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Бұл туралы Ұлытау облысы әкімдігі Facebook-тегі ресми парақшасында хабарлады.

Ұлытау облысы әкімдігің ресми парақшасындағы мәліметтерге сүйенсек, Айқын Қылышұлы Елеусізов 1986 жылы 28 қаңтарда Жаңаарқа ауданы, Атасу кентінде туған. 2007 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін, 2011 жылы Қазақ қатынас жолдары университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2007 жылы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Астана қаласы бойынша қазынашылық департаменті жоспарлар және рұқсаттар басқармасы мемлекеттік органдарымен жұмыс жасау бөлімі бас маманы-бас қазынашысының міндетін атқарушы болып бастаған.

2008-2010 жылдары Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Астана қаласы бойынша қазынашылық департаментінде түрлі қызметтер атқарған.

2010-2014 жылдары Көлік және коммуникация министрлігі Халықаралық ынтымақтастық және транзиттік саясат департаменті әртүрлі лауазымды қызметтерде жұмыс істеген.

2014 -2016 жылдары Инвестициялар және даму министрлігі Экономикалық интеграция департаменті көлік және инфрақұрылым басқармасының басшысы болған.

2016 жылы - Атырау облысы әкімінің аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы.

2016-2017 жылдары - Атырау облысы әкімінің аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бөлім басшысы.

2017-2020 жылдары - Атырау облысы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы.

2020-2022 жылдары - Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы әкімнің орынбасары.

2022 жылғы қыркүйек айынан осы уақытқа дейін Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы әкімнің орынбасары болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2036788-ulytau-oblysynda-qala-akimi-tagaiyndaldy/

pixel