Тоқаев Жандос Шаймардановты жаңа қызметке тағайындады
Жарияланған күні:
Жандос Нұрланұлы Шаймарданов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Жандос Нұрланұлы Шаймарданов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы ресми сайтының мәліметінше, Жандос Нұрланұлы Шаймарданов 1987 жылы 24 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында туған.
2009 жылы "Болашақ" стипендиясы бойынша Ұлыбританиядағы Йорк университетін "Экономика және қаржы" мамандығы бойынша бітірген.
2020 жылы Испаниядағы IE университетінде Бизнес-талдау және Big Data магистрі дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2009 жылы ҚР Экономика және жоспарлау министрлігінде бас сарапшы қызметінен бастаған.
2010-2013 – "Самұрық-Қазына" АҚ менеджері
2013-2014 – Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі
2014-2016 – Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры
2016-2019 –"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ департамент директоры, басқарушы директоры
2019-2020 – "QazTech Ventures" АҚ Басқарма төрағасы
2020-2022 – Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясаты департаментінің директоры
2022 жылғы ақпаннан бастап бүгінгі күнге дейін – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы қызмететін атқарған.
Президенттік Жастар кадр резервінің мүшесі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2036852-zandos-saimardanov-strategiyalyq-zosparlau-zane-reformalar-agenttiginin-toragasy-bolyp-tagaiyndaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.