Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев астық өндіретін фермерлер мен шаруа қожалықтарына көмек көрсетуді үкіметке тапсырды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: t.me/aqorda_resmi

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев астық өндіретін фермерлер мен шаруа қожалықтарына қаржылай және өзге де қажетті көмек көрсетуді үкіметке тапсырды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

"Еліміздің солтүстік өңірлеріндегі ауа райының қолайсыздығы мен жайсыз жағдайларға байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке астық өндіретін фермерлер мен шаруа қожалықтарына қаржылай және өзге де қажетті көмек көрсетуді тапсырды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бірер күн бұрын Ауыл шаруашылығы министрлігі күзгі дала жұмыстарының ең төменгі қарқыны еліміздің солтүстік өңірлерінде тіркелгенін хабарлаған болатын.

Ауа райының қолайсыздығынан 834,3 мың гектар астық немесе жалпы алқаптың 17 пайызы ғана орылған.

"Екі аптадан астам жауған жауынның салдарынан диқандар бидайды жинай алмай отыр. Диқандар астық сапасыз болып, келесі жылы тұқымсыз қалады деп алаңдаулы", - деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2036868-toqaev-ukimetke-astyq-ondiretin-fermerler-men-sarua-qozalyqtaryna-komek-korsetudi-tapsyrdy/

pixel