Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айжан Бижанова Cауда және интеграция бірінші вице-министрі болып тағайындалды

Жарияланған күні:

Айжан Бижанова
Айжан Бижанова. Фото: t.me/KZgovernment

Айжан Бижанова Cауда және интеграция бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы үкімет басшысының ресми сайты хабарлады.

"Үкімет қаулысымен Айжан Әділқызы Бижанова Сауда және интеграция бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Премьер-министрдің ресми сайтындағы мәліметтерге сүйенсек, Айжан Бижанова 1982 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Халықаралық бизнес академиясын, Қайнар Академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы "Кедентрассервис" ЖАҚ менеджері болып бастаған.

2004-2007 жылдары — "Қазақ ақпараттық технологиялар ғылыми-зерттеу институты" АҚ Заң бөлімінің аға заңгері, бастығы.

2010-2011 жылдары — Алматы қаласы Әділет департаменті Жетісу ауданының АХАЖ және Құқықтық түсіндіру жұмыстары және халыққа заңгерлік қызмет көрсету жұмысы бөлімдерінің жетекші маманы.

2011-2013 жылдары Әділет министрлігінің құрылымында жұмыс істеген.

2013-2014 жылдары — "ҚазМедТех" АҚ Заң және кадр жұмысы департаментінің директоры.

2014-2018 жылдары — "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Сараптаманы үйлестіру департаментінің сарапшысы, Заңнама және өзін-өзі реттеуді дамыту департаментінің басқарушы директоры, директоры.

2018-2019 жылдары Ұлттық экономика министрлігінің құрылымында басшылық қызметтер атқарған.

2019-2020 жылдары — Сауда және интеграция министрлігі Ішкі сауда департаментінің директоры, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары.

2020-2021 жылдары — Президент әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі.

2021 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Президент әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2037183-aizan-bizanova-sauda-zane-integraciya-birinsi-vice-ministri-qyzmetine-tagaiyndaldy/