Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысындағы су тапшылығы: шаруалардың шығынын өтеу үшін 3,6 млрд теңге бөлінді

Опубликовано:

Фермер.
Фермер. Көрнекі фото: pexels.com

Жамбыл облысында су тапшылығынан зардап шеккен шаруалардың шығынын өтеуге 3,6 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді, деп хабарлайды Қазақстан үкіметінің ресми сайты.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша үкімет табиғи сипаттағы ТЖ салдарынан Жамбыл облысының аграрларына келтірілген шығынды өтеуге резервтен 3,6 млрд теңгеден астам қаражат бөлді. Тиісті қаулыға премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойды.

Биыл Жамбыл облысының көптеген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері су тапшылығы салдарынан шығынға батты.

Өңір әкімдігінің хабарлауынша, Байзақ, Жамбыл, Қордай, Меркі, Тұрар Рысқұлов және Талас аудандарындағы 400 АӨК субъектісінің 9 мың га алқаптағы егісі қуаңшылықтан зардап шеккен. Бұл жағдайға байланысты премьер-министрдің өкімімен облыста табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

Үкімет резервінен бөлінген қаражат шаруаларға шығынның орнын толтырып, келесі жылдың көктемгі дала жұмыстарына толық дайындалуға мүмкіндік береді.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2037229-zambyl-oblysyndagy-su-tapsylygy-sarualardyn-sygynyn-oteu-usin-36-mlrd-tenge-bolindi/

pixel