Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент Моңғолия басшысы Ухнаагийн Хурэлсухпен кездесті

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ухнаагийн Хурэлсух
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ухнаагийн Хурэлсух. Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясының аясында Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухпен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Моңғолия арасындағы тығыз әрі дәстүрлі достық қарым-қатынасты атап өтті.

Сондай-ақ екіжақты байланыстарды стратегиялық серіктестік деңгейіне дейін кеңейту мүмкіндігіне назар аударды.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев сауда-экономикалық ықпалдастыққа тың серпін беру үшін Үкіметаралық комиссияның жұмысын жандандырып, Қазақстан мен Моңғолияның Іскерлік кеңесін құру қажет екенін айтты.

Кездесу соңында президенттер жақын арада бір-бірінің еліне сапармен бару мүмкіндігін талқылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2037315-memleket-bassysy-mongoliya-prezidenti-uxnaagiin-xurelsuxpen-kezdesti/

pixel