jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Шымкентте керамогранит зауыты салынуда

    Шымкентте керамогранит зауыты салынуда
    Фото : Шымкент қаласының әкімдігі

    Бүгін қала Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков керамогранит зауытын салып жатқан шетелдік инвесторлармен кездесті. Инвестициялық жоба Орта Азия елдерін сапалы құрылыс материалдарымен қамтамасыз етуге бағытталған. "Жұлдыз" индустриалды аймағындағы 32 гектар аумақта салынып жатқан кәсіпорын ғимаратының құрылысы 30% аяқталған. Қазірде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр.

    Wan Sheng Ceramic ЖШС компаниясының құрылтайшылары қала басшысына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізу, электр және сумен жабдықтауға қатысты өзекті мәселелерді жеткізді.

    Шетелдік инвесторлармен кездесу
    Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

    "Үкімет тарапынан инвесторларға қолайлы жағдай жасау бойынша нақты тапсырмалар жүктелген. Сондықтан да сіздерге жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз. Туындаған проблемаларды заң шеңберінде шұғыл шешуді тапсырамын. Зауыт іске қосылғанда барынша жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтылуы тиіс", – дейді қала әкімі.

    Шетелдік инвесторлармен кездесу
    Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

    Жобаға сәйкес зауыт қуаттылығына сай бірінші және екінші сатысында жылына 12 770 мың шаршы метр керамогранит өндіреді. Аталған екі кезеңінде 700 адамды жұмыспен қамтиды. Жобаның алғашқы кезеңі келесі жылы, екіншісі 2025 жылы жүзеге асырылады.

    Шетелдік инвесторлармен кездесу
    Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.