Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рамиль Камалов ТЖМ-ның Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Опубликовано:

Рамиль Камалов
Рамиль Камалов. Фото: t.me/KZgovernment

Рамиль Камалов Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

"ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Камалов Рамиль Фаткулович ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

СҚО Төтенше жағдайлар департаментiнің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Рамиль Камалов 1976 жылғы 5 маусымда Торғай облысы Есіл ауданының Красногорский кентінде дүниеге келген.

Білімі жоғары, 1996 жылы ҚР ІІМ Павлодартехникалық колледжін "Ұйымдастыру және өртке қарсы қорғау техникасы" мамандығы бойынша, 2008 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін "Стандарттандыру, метрология и сертификациялау" мамандығы бойынша бітірген.

1996-1998 жылдары – Ақмола облысы ІІБ Мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасының №84 жекешелендірілген әскерлендірілген өрт сөндіру бөлімінің мемлекеттік өртті бақылау инспекторы.

1998 жылғы қаңтар-сәуір аралығында – Ақмола облысы МӨҚҚ №19 өрт сөндіру бөлімінің мемлекеттік өрт бақылау инспекторы.

1998-1999 жылдары – Астана қаласының МӨҚҚ №7 өрт сөндіру бөлімінің инспекторы.

1999-2001 жылдары – Астана қаласы "Өрт сөндіруші" РМК филиалының №7 өрт сөндіру бөлімінің аға инженері.

2001-2002 жылдары – Астана қаласының "Өрт сөндіруші" РМК №11 филиалының №11 өрт сөндіру бөлімінің бастығы.

2002-2005 жылдары – Астана қаласы "Өрт сөндіруші" РМК филиалының өрт сөндіру тобының бас маманы.

2005-2006 жылдары – ҚР ТЖМ ТЖ саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бөлімінің бас маманы.

2006-2009 жылдары – ҚР ТЖМ Өртқе қарсы қызмет комитетінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару бөлімінің бас маманы.

2009-2010 жылдары – ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің Өрт сөндіру және авариялық –құтқару жұмыстары басқармасының бас маманы.

2010 жылғы сәуір-қараша аралығында – ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің Өрт сөндіру және авариялық –құтқару жұмыстары басқармасының бастығы.

2010-2014 жылдары – ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары басқармасының бастығы.

2014-2015 жылдары – ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің өрт сөндіру қызметін ұйымдастыру бойынша басқармасының бастығы.

2015-2017 жылдары – ҚР ІІМ ТЖК Маңғыстау облысы ТЖД бастығының орынбасары.

2017 жылғы маусым айынан бастап бүгінгі күнге дейін Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы қызметін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2037452-ramil-kamalov-tzm-nyn-ortke-qarsy-qyzmet-komitetinin-toragasy-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel