Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үш ай бұрын тағайындалған премьер-министрдің кеңесшісі қызметінен босатылды

Опубликовано:

Мұрат Жүребеков
Мұрат Жүребеков. Фото: primeminister.kz

Осыдан үш ай бұрын Мұрат Өтемісұлы Жүребеков премьер-министрдің кеңесшісі болып тағайындалған болатын. Мұрат Жүребековтің премьер-министрдің кеңесшісі қызметінен босатылғанын Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Премьер-министрінің өкімімен берген өтінішіне сәйкес Мұрат Өтемісұлы Жүребеков Қазақстан Республикасы премьер-министрінің кеңесшісі қызметінен босатылды. Бұл туралы Қазақстан республикасы Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлайды", - деп жазылды primeminister.kz сайтында.

Айта кетейік, Мұрат Жүребеков 1978 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. 

Мұрат Жүребеков 1978 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін (1999 жыл), Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын (2001 жыл), Strathclyde университетін (Глазго, Шотландия, 2003 жыл), Гарвард бизнес мектебін (Бостон, АҚШ, 2013 жыл), Қазақстан-Британ техникалық университетін (2019 жыл) бітірген.

Әр жылдары "ҚазТрансГаз" ЖАҚ, "Интергаз Орталық Азия" ЖАҚ, Лондондағы "Аджип ККО", "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ және "PSA" ЖШС-да жауапты қызметтер атқарды. 2019 жылғы шілдеден желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы энергетика вице-министрі болып қызмет етті, кейін энергетика бірінші вице-министрі болып тағайындалды.

2023 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында Ақтөбе қаласының әкімі болып жұмыс істеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2037454-us-ai-buryn-tagaiyndalgan-premer-ministrdin-kenessisi-qyzmetinen-bosatyldy/

pixel