Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар министрлер мен әкімдерге қарсы петиция бере алмайды

Опубликовано:

Құжат
Құжат. Көрнекі фото: piqsels.com

Бүгін сенаттың жалпы отырысында депутаттар Қазақстандағы петиция институтын реттейтін заңды мақұлдап, қандай мәселелер бойынша петиция беруге болмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Атап айтқанда, бүгін сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бақылау, әкімшілік рәсімдерді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңын екі оқылымда мақұлдап, мемлекет басшысына қол қоюға жолдады.

Бұл ретте сенатор Руслан Рүстемов қандай мәселелер бойынша петиция берілмейтінін түсіндіріп өтті.

"Басқару формасын, республиканың әкімшілік-аумақтық құрылымы мен шекараларын, сот төрелігін, рақымшылықты, ұлттық қауіпсіздікті және тағы басқаны өзгерту сияқты мәселелер бойынша петиция берілмейді", – дейді сенатор.

Оның сөзінше, "тыйым салынған" тақырыптар тізімі Конституциялық және қылмыстық құқық, сондай-ақ "Референдум туралы" заңға сай жасалған.

Сондай-ақ Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыров сенат кулуарында қазақстандықтар белгілі бір министрдің немесе әкімнің отставкасын талап етіп петиция бере ала ма деген сұраққа жауап берді.

"Жоқ, бере алмайды. Неге десеңіз, конституциялық заң бар, президенттің, үкіметтің және парламенттің қос палатасының конституциялық құқықтары бар. Ал басқа жағдайларда ұсынуға болады. "Сайлау туралы" және "Референдум туралы" заңға сәйкес, президент, парламенттің қос палатасы және үкімет тағайындайтын лауазымдар бойынша петиция беруге болмайды", – дейді вице-министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2037535-qazaqstandyqtar-ministrler-men-akimderge-qarsy-peticiya-bere-almaidy/

pixel