Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттегі жәрмеңкеде қайтарымсыз грант иелерінің өнімдері ұсынылды

Опубликовано:

Жәрмеңкеде грант иелерінің өнімдері ұсынылды
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Бүгін Шымкенттегі «Арбат» алаңында өткен жәрмеңкеде қайтарымсыз грант иелері қала тұрғындарына өз өнімдерін ұсынды.

Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, мемлекеттік қолдау аясында кәсіптерін дөңгелетіп отырған 200-ге жуық грант иесінің бизнес-жобаларымен танысты.

Былтыр қалада мемлекеттен 400 АЕК мөлшерінде қайтарымсыз қаражат алған 1000-нан астам азамат бүгінде тағам өнеркәсібі, мал шаруашылығы, қызмет көрсету салалары мен қол өнер және жиһаз өндіру кәсіптерімен айналысуда.

Жәрмеңкеде грант иелерінің өнімдері ұсынылды
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мамандары бағдарлама қатысушыларына алдағы уақытта шағын кәсіптерін кеңейтіп, орта бизнес деңгейіне арттыруда қолдау көрсетуде.

Жәрмеңкеде грант иелерінің өнімдері ұсынылды
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Іс шара барысында ірі кәсіпкерлер өнімдерге қызығушылық танытып, грант иегерлерімен әріптестік байланыс жасауға уағдаласты.

Жәрмеңкеде грант иелерінің өнімдері ұсынылды
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Қала әкімі мемлекеттік бағдарлама аясында бизнеске бет бұрған тұрғындарды жан-жақты қолдауда тиісті шаралар жалғасатынын жеткізіп, кәсіпкерлерге сәттілік тіледі.

Жәрмеңкеде грант иелерінің өнімдері ұсынылды
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Биыл қалада 400-ден астам бизнес-жобаға мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Жыл басынан бері 228 азаматқа бизнес бастауға қайтарымсыз грант берілді. Бүгінде қосымша 219 грантқа өтінім қабылдануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2037541-symkenttegi-zarmenkede-qaitarymsyz-grant-ielerinin-onimderi-usynyldy/

pixel