Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

31 жастағы Еркін Баулықов Саран қаласының әкімі болып тағайындалды

Опубликовано:

Еркін Баулықов
Еркін Баулықов: gov.kz

Президент әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Қарағанды облысы Саран қаласының әкімі болып Еркін Баулықов тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімдігі Facebook-тегі ресми парақшасында хабарлады.

Ведомство мәліметінше, бүгін жаңа қала басшысын Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермек Алпысов қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында таныстырды.

"Депутаттар кандидатураны мақұлдады. Облыс әкімінің орынбасары қаланы дамытудың басым бағыттарын белгілеп, Саранның жаңа басшысының алдына міндеттер қойды", - делінген хабарламада.

Еркін Баулықов 1991 жылы 7 қазанда дүниеге келген.

Ол 2016 жылдан 2019 жылға дейін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

Сондай-ақ елордада Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінде еңбек етті. Содан кейін Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін басқарды.

2021 жылғы желтоқсаннан бастап осы тағайындауға дейін Саран қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2037601-qaragandy-oblysyndagy-saran-qalasyna-zana-akim-tagaiyndaldy/

pixel