Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Болат Дембаев Бас прокурордың орынбасары лауазымынан босатылды

Опубликовано:

Болат Дембаев
Болат Дембаев. Фото: gov.kz

Болат Бекназарұлы Дембаев Бас прокурордың орынбасары лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

"Мемлекет басшысының өкімімен Болат Бекназарұлы Дембаев Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Бас прокуратураның ресми сайтындағы мәліметтерге сүйенсек, Дембаев Болат Бекназарұлы 1965 дүниеге келген.

Свердлов заң институтының сот-прокурорлық факультетін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебін мемлекеттік басқару мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1990 жылы Қостанай облысында аудан прокуроры көмекшісінің стажеры болып бастаған.

1991-2000 жылдары – Қостанай облысы аудан прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, бөлім прокуроры, осы облыс прокуратурасының бөлім бастығы, облыс әкімі аппараты бөлімінің меңгерушісі, бөлім прокуроры, Бас прокуратура бөлімінің аға прокуроры, Бас Прокурордың аға көмекшісі, Бас прокуратураның бөлім бастығы.

2000-2002 жылдары - Астана қаласы Алматы ауданының прокуроры.

2002-2007 жылдары - Қостанай облысы прокурорының орынбасары.

2007-2008 жылдары - Астана қаласы прокурорының орынбасары.

2008 жылы - Бас прокуратураның Соттарда қылмыстық істерді қарау заңдылығын қадағалау департаментінің бастығы.

2009-2012 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары, әділет Министрлігі жеке сот орындаушыларының қызметін ұйымдастыру сот актілерін орындау комитетінің басқарма бастығы.

2012-2017 жылдары - Бас прокуратураның Қылмыстық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау және мемлекет мүдделерін қолдау жөніндегі департамент бастығының орынбасары, бастығы.

2017-2019 жылдар аралығында - Нұр-Сұлтан қаласының прокуроры.

2019 жылғы сәуірден бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары қызметін атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2037677-bolat-dembaev-bas-prokurorynyn-orynbasary-lauazymynan-bosatyldy/

pixel