Тоқаев келесі аптада Германияға ресми сапармен барады
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы 28-29 қыркүйек күндері Германия Федеративтік Республикасына ресми сапармен барады, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.
Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, ресми сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Берлинде федералдық канцлер Олаф Шольцпен және федералдық президент Франк-Вальтер Штайнмайермен келіссөз жүргізеді.
Сонымен қатар президент Орталық Азия және Германия мемлекеттері басшыларының кездесуіне қатысады деп жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек, сапар аясында мемлекет басшысы халықаралық Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйлейді және Германияның іскерлік қоғамдастығы өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді деп күтілуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2037749-toqaev-kelesi-aptada-germaniyaga-resmi-saparmen-barady/