Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО әкімі қашан тағайындалатыны белгілі болды

Опубликовано:

Костюм киген ер адам
Костюм киген ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі қашан тағайындалатыны белгілі болды. Бұл туралы ақпарат Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының ресми сайтында жарияланды.

"23 қыркүйек сағат 11.00-де Солтүстік Қазақстан облысының әкімін тағайындауға келісім беру мәселесі бойынша Солтүстік Қазақстан облысы мәслихаттары депутаттарының жиналысы шақырылады. Өтетін орны: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 38", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысын Айдарбек Сапаров басқарған болатын. 4 қыркүйекте мемлекет басшысының жарлығымен Айдарбек Сейпілұлы Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды.

Айдарбек Сапаров 2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап биыл 4 қыркүйекке дейін облыс әкімі болған еді. Оның алдында 2017 жылғы 14 наурыздан 2022 жылғы 30 қарашаға дейін Солтүстік Қазақстан облысын Құмар Ақсақалов басқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2037756-sqo-akimi-qasan-tagaiyndalatyny-belgili-boldy/

pixel