Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Интерпол заңсыз шығарылған активтерді Қазақстанға қайтаруға көмектесетін болады

Опубликовано:

Лиондағы Интерпол ғимараты.
Лиондағы Интерпол ғимараты. Фото: OLIVIER CHASSIGNOLE/AFP via Getty Images

Бас прокурордың орынбасары Ұлан Байжановтың төрағалығымен Бас прокуратура делегациясы Францияның Лион қаласындағы Интерпол штаб-пәтеріне ресми сапармен барды. Әлемдегі ең ірі құқық қорғау ұйымы елімізден заңсыз шығарылған активтерді қайтаруға көмектесетін болады, деп хабарлайды қадағалау органы ресми сайтында.

Ведомство мәліметінше, 21-22 қыркүйек аралығында өткен сапар аясында Интерпол полиция қызметінің атқарушы директоры – Интерпол Бас хатшысының орынбасары Стивен Каванмен және Интерполдың қаржылық қылмыстар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес орталығының директоры Исаак Кехинде Огиннимен кездесу өтті.

"Тараптар Қазақстаннан заңсыз шығарылған активтерді іздеу, оларға, тыйым салу және қайтару ісінде Интерполдың цифрлық және жедел мүмкіндіктерін пайдалану туралы уағдаласты", - делінген хабарламада.

Қадағалау органының мәліметінше, Интерпол - әлемдегі ең ірі құқық қорғау ұйымы, оның құрамына 195 ел кіреді. Бұл көрсеткіш бойынша Интерпол БҰҰ-дан кейінгі екінші орында.

"Интерпол аймақтық құқық қорғау ұйымдарымен (Еуропол, Карин және т.б.) кеңінен ынтымақтасады. Интерполдың әлеуеті Қазақстанның активтерді іздеу және қайтару мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді", - делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2037780-interpol-qazaqstanga-zansyz-sygarylgan-aktivterdi-qaitaruga-komektesedi/

pixel