Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сауд Арабиясының королі
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сауд Арабиясының королі. Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өз атынан Қос киенің сақшысы, Король Салман бен Әбделазиз Әл Саудты Сауд Арабиясының Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды "Ақорда" баспасөз қызметі Telegram арнасында.

"Бүгінде еліңіз – саяси тұрғыда іргесі берік, экономикасы тұрақты, Таяу Шығыстағы үлгі тұтар мемлекет, сондай-ақ халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесі. Алдағы уақытта Сіздің басшылығыңызбен Корольдіктің дамуы баянды, мерейі әрқашан үстем болуына тілектеспін", – деп жазылған жеделхатта.

Сонымен қатар президент Сауд Арабиясы Қазақстанның Шығанақтағы сенімді серіктесі екенін атап өтіп, екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен жоғары деңгейдегі саяси диалогқа негізделген қарым-қатынастар одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2037801-qasym-zomart-toqaev-saud-arabiyasynyn-koroline-quttyqtau-zedelxatyn-zoldady/

pixel