Ғауез Нұрмұхамбетов Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды
Жарияланған күні:
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды "Ақорда" баспасөз қызметі.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды", - деп жазылды Жарлықта.
Айта кетейік, Ғауез Торсанұлы өзінің еңбек жолын 1985 жылы Қостанай облысы Комсомол ауданы "Магнайский" совхозының № 1 бригадасының механизаторы болып бастады.
- 1992-1994 жылдары Торғай облысы Октябрьсий ауданы Вильямс атындағы совхоздың бас агрономы қызметін атқарды;
- 1994-1996 жылдары - Қостанай облысы Қостанай ауданы "Московский" совхозының бас агрономы болды;
- 1996-1997 жылдары - Қостанай облысы Комсомольский ауданы "Боскольское" КК директоры қызметін ақтарған;
- 1997-2002 жылдары - Қостанай облысы Таран ауданының әкімі болды;
- 2002-2008 жылдары - Қостанай облысы Қарабалық ауданының әкімі атанды;
- 2008-2009 жылдары – Қостанай облысы Қостанай қаласының әкімі болды;
- 2009 жылдан 2011 жылға дейін - Қостанай қаласы "Содружество" ЖШС бас директорының орынбасары қызметін атқарды;
- 2011-2012 жылдары - Қостанай облысы Әулиекөл ауданының әкімі қызметін атқарды;
- 2012 жылдан 2014 жылға дейін - Қостанай қаласының әкімі болды;
- 2014 жылдан 2015 жылға дейін – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы болды;
- 2015 жылдан 2023 жылға дейін - Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.
- 2023 жылдың 25 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаты, экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2037812-prezident-gauez-nurmuxambetovti-soltustik-qazaqstan-oblysynyn-akimi-lauazymyna-tagaiyndady/