Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғауез Нұрмұхамбетов Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды

Опубликовано:

Ғауез Торсанұлы
Ғауез Торсанұлы. Фото: kstnews.kz

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды "Ақорда" баспасөз қызметі.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды", - деп жазылды Жарлықта.

Айта кетейік, Ғауез Торсанұлы өзінің еңбек жолын 1985 жылы Қостанай облысы Комсомол ауданы "Магнайский" совхозының № 1 бригадасының механизаторы болып бастады.

  • 1992-1994 жылдары Торғай облысы Октябрьсий ауданы Вильямс атындағы совхоздың бас агрономы қызметін атқарды;
  • 1994-1996 жылдары - Қостанай облысы Қостанай ауданы "Московский" совхозының бас агрономы болды;
  • 1996-1997 жылдары - Қостанай облысы Комсомольский ауданы "Боскольское" КК директоры қызметін ақтарған;
  • 1997-2002 жылдары - Қостанай облысы Таран ауданының әкімі болды;
  • 2002-2008 жылдары - Қостанай облысы Қарабалық ауданының әкімі атанды;
  • 2008-2009 жылдары – Қостанай облысы Қостанай қаласының әкімі болды;
  • 2009 жылдан 2011 жылға дейін - Қостанай қаласы "Содружество" ЖШС  бас директорының орынбасары қызметін атқарды;
  • 2011-2012 жылдары - Қостанай облысы Әулиекөл ауданының әкімі қызметін атқарды;
  • 2012 жылдан 2014 жылға дейін - Қостанай қаласының әкімі болды;
  • 2014 жылдан 2015 жылға дейін – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы болды;
  • 2015 жылдан 2023 жылға дейін - Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.
  • 2023 жылдың 25 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаты, экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2037812-prezident-gauez-nurmuxambetovti-soltustik-qazaqstan-oblysynyn-akimi-lauazymyna-tagaiyndady/

pixel