Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Түркия арасындағы кедендік рәсімдерді жеңілдету туралы заңға қол қойды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: aqorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Түркия Республикалары арасындағы "Ақпарат алмасуды ұйымдастыру және кедендік бақылау рәсімдерін оңайлату туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды "Ақорда" баспасөз қызметі Telegram арнасында.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы ақпарат алмасуды ұйымдастыру және кедендік бақылау рәсімдерін оңайлату туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - деп жазылды хабарламада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2037816-qasym-zomart-toqaev-qazaqstan-men-turkiya-arasyndagy-kedendik-rasimderdi-zenildetu-turaly-zanga-qol-qoidy/

pixel