Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-ның жаңа әкімі өңір тұрғындарына үндеу жасады

Опубликовано:

Ғауез Нұрмұхамбетов
Ғауез Нұрмұхамбетов. Фото: СҚО әкімдігінің ресми сайты

Күні кеше СҚО әкімі болып тағайындалған Ғауез Нұрмұхамбетов өңір тұрғындарына үндеу жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Құрметті солтүстікқазақстандықтар! Президенттің жарлығымен Солтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметіне тағайындалдым. Маған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үлкен сенім білдіріп отыр. Қолдау танытқан мәслихат депутаттарына алғыс айтамын.

Мен бар тәжірибемді, білімім мен күш-жігерімді президент жүктеген міндеттерді орындауға, облыс экономикасын дамытуға және тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға жұмсайтын боламын. Сіздермен бірлесіп атқарған жұмыстың жемісті болатынына сенімдімін", - деп жазды облыс әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сондай-ақ Ғауез Нұрмұхамбетов жұмысқа кіріскен бойда Петропавл қаласының әкімімен, сондай-ақ аудан әкімдері және басқарма басшыларымен жедел кеңес өткізгенін атап өтті.

"Біздің алдымызда облысымыздың экономикасын одан әрі дамыту міндеті тұр. Жиын барысында басшыларға астық жинау науқанын уақытылы өткізіп, жылыту маусымына баса назар аударуды тапсырдым. Сондай-ақ өңірдегі инфрақұрылымдық жобаларды аяқтау, бюджет қаражатын игеру және инвестиция тарту мәселелері де ерекше бақылауда", - дейді СҚО әкімі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2037890-sqo-nyn-zana-akimi-onir-turgyndaryna-undeu-zasady/

pixel