Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанға Ресей премьер-министрі Мишустин келді

Опубликовано:

Михаил Мишустин ұшақтан түсуде
Михаил Мишустин. Видеодан кадр: t.me/government_rus

Ресей үкіметінің басшысы Михаил Мишустин жексенбі, 24 қыркүйекте Қазақстанға ұшып келді. Ол "Иннопром. Қазақстан" халықаралық өнеркәсіп көрмесіне қатысады.

РФ Сыртқы істер министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасының хабарлауынша, Ресей премьер-министрін әуежайдан Қазақстанның Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Балықбаев, Астана әкімінің орынбасары Есет Байкен, еліміздің Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол қызметі директорының орынбасары Жансерік Әлімжанов, сондай-ақ Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин қарсы алған.

Ресей үкіметі өзінің Telegram-дағы арнасында Мишустиннің "Иннопром. Қазақстан" халықаралық өнеркәсіп көрмесіне қатысатынын және "Жаңа уақыттың өнеркәсіп стратегиялары" пленарлық сессиясында сөз сөйлейтінін нақтылады.

Сонымен қатар Ресей премьер-министрі Қазақстан, Беларусь және Қырғызстан үкіметінің басшыларымен бірге машина, кеме, станок жасау, химия, металлургия, тоқыма және авиация өнеркәсібіне арналған көрмені аралайды деп күтілуде.

ТАСС мәліметінше, "Иннопром" – жетекші еуразиялық көрме алаңы. Ол Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Шараға әр түрлі елдерден 10 мыңнан астам адам қатысады.

Көрме 12 мың шаршы метрден астам аумақты қамтиды, оған Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің компаниялары қатысады (ЕАЭО-ға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей кіреді).

"Иннопром" көрмесі жыл сайын жазда Ресейдің Екатеринбург қаласында өтеді. Бұл шараға әдетте Ресей премьер-министрі қатысады: ол пленарлық сессияда сөз сөйлейді, көрмені аралайды және кейде сол алаңда кездесулер өткізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2037917-qazaqstanga-resei-premer-ministri-misustin-keldi/

pixel