Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысын тағайындады

Опубликовано:

Асан Жүсіпов
Асан Жүсіпов. Фото: Қорғаныс министрлігінің ресми сайты

Асан Жүсіпов Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.

"Мемлекет басшысының өкімімен Асан Қуанышұлы Жүсіпов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ мемлекет басшысының өкімімен осыған дейін Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы болған Талғат Мамыртайұлы Қойбақов лауазымынан босатылды.

Қорғаныс министрлігінің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Асан Жүсіпов 1973 жылы 10 ақпанда бұрынғы Көкшетау облысы (қазіргі Ақмола облысы), Арықбалық ауданы, Имантау ауылында дүниеге келген.

1995 жылғы сәуірден 2001 жылғы тамызға дейін 40398 әскери бөлімінің взвод командирі, мотоатқыштар батальоның командирі сынды лауазымдарды атқарған.

2001 жылғы тамыз бен 2003 жылғы маусым аралығында – ҚР ҚК Әскери академиясының тыңдаушысы.

2003 жылғы маусым және 2008 жылғы наурыз аралығында – 27943 әскери бөлімі штаб бастығы – командирдің орынбасары мен командирі.

2008 жылғы наурызда – 21450 әскери бөлімі командирі.

2012 жылғы тамыз айында – "Батыс" өңірлік қолбасшылығы басқармасы өңірлік қолбасшылық әскерлері (жауынгерлік даярлық бойынша) қолбасшысының орынбасары – жауынгерлік даярлық бөлімінің бастығы.

2013 жылғы тамызда – Ұлттық қорғаныс университетіне тындаушысы.

2015 жылғы маусымда "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы басқармасы өңірлік қолбасшылық әскерлері (жауынгерлік даярлық бойынша) қолбасшысының орынбасары – жауынгерлік даярлық бөлімінің бастығы болған.

2016 жылғы қараша айында "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасышысының штаб бастығы – бірінші орынбасары болып, ал 2019 жылғы 15 қыркүйекте "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасышы болып тағайындалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2037932-toqaev-qurlyq-askerlerinin-bas-qolbassysyn-tagaiyndady/

pixel