Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан ҰҚШҰ құрамынан шыға ма: Сыртқы істер министрлігі жауап берді

Опубликовано:

ҰҚШҰ ұйымына мүше елдердің тулары
ҰҚШҰ ұйымына мүше елдердің тулары. Фото: Odkb-csto.org

Бүгін еліміздің Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан мен Армения ҰҚШҰ құрамынан шығуды жоспарлап отыр деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Қазақстан мен Армения ҰҚШҰ құрамынан шығу туралы келіссөз жүргізіп жатыр деген ақпарат тарады. Бұл шындыққа жанаспайды. Бірнеше күн бұрын ҰҚШҰ мүше елдерінің сыртқы істер министрлері өз жиналысын өткізді.

Онда ұйымды әрі қарай дамыту жолдары, осы ұйым аясында өзара әрекет ету жоспары талқыланды. Сондықтан біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз", - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Айта кетейік, өткен жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Россия 24" телеарнасына берген сұхбатында Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтан да, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымынан да шықпайтынын мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2038039-qazaqstan-uqsu-quramynan-syga-ma-syrtqy-ister-ministrligi-zauap-berdi/

pixel