Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Экс-министр Дархан Қыдырәлі сенат депутаты болды

Опубликовано:

Дархан Қыдырәлі
Дархан Қыдырәлі. Фото: Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің сайты

Бұрынғы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі сенат депутаты болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда Telegram арнасында.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаты болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Айта кетсек, 2023 жылғы 1 қыркүйекте Дархан Қыдырәлі Ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметінен босатылды.

Ол бұл лауазымды 2022 жылғы қыркүйектен бастап атқарды. Ал 2023 жылғы сәуірде осы қызметке қайта тағайындалған болатын.

Дархан Қыдырәлі еңбек жолын 2000 жылы Х.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің аға ғылыми қызметкері болып бастаған. Аталған университетте жетекші ғылыми қызметкер, аппарат басшысы, тарих кафедрасының меңгерушісі болып еңбек еткен.

2005-2006 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде доцент, аға ғылыми қызметкер болып қызмет еткен.

2006-2007 жылдары Президенттік Мәдениет орталығы директорының орынбасары лауазымында жұмыс істеген.

2007 жылы Білім және ғылым министрінің кеңесшісі лауазымына тағайындалған.

2008-2012 жылдары Президент әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінде сарапшы, Президенттің баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі, Президенттің баспасөз хатшысының орынбасары болған.

2012-2014 жылдары Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары лауазымында жұмыс істеген.

2014 жылы Халықаралық Түркі академиясының президенті болып тағайындалған.

2016 жылдың шілдесінен бастап 2022 жылға дейін "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" АҚ-ның Басқарма төрағасы қызметін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2038148-eks-ministr-darxan-qydyrali-senat-deputaty-boldy/

pixel