Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ел азаматтары жолдаудың нақты нәтижесін сезінуі керек": Президент әкімшілігінің басшысы кеңес өткізді

Опубликовано:

Олжас Бектенов кеңес өткізді
Олжас Бектенов өткізген кеңес. Фото: t.me/aqorda_resmi

Президент әкімшілігінің басшысы Олжас Бектенов мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауын іске асыру барысына арналған кеңес өткізді. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысының жолдауын іске асыру барысы Президент әкімшілігінің бақылауында.

Басқосуға президенттің көмекшілері мен кеңесшілері, үкімет басшылығы қатысқан.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мемлекет басшысының жолдауда берген тапсырмаларын орындау үшін үкімет тарапынан атқарылып жатқан жұмыс туралы баяндама жасаған.

Президент әкімшілігі басшысының айтуынша, жолдау ел экономикасын қайта құруға және экономикалық серпіліс жасауға бағытталған жүзден астам нақты тапсырманы қамтиды.

"Орталық және жергілікті атқарушы органдар президент тапсырмаларын орындау үшін барынша жедел әрі толыққанды шаралар қабылдауы қажет. Еліміздің азаматтары мен бизнес өкілдері жуық арада жолдаудың нақты нәтижесін сезінуі керек", - дейді Олжас Бектенов.

Естеріңізге сала кетейік, биыл 1 қыркүйекте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты Қазақстан халқына жолдауын жасаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2038301-el-azamattary-zoldaudyn-naqty-natizesin-sezinui-kerek-prezident-akimsiliginin-bassysy-kenes-otkizdi/

pixel