jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Тоқаев Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовке құттықтау жеделхатын жолдады

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов. Фото: t.me/bort_01

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовті және Түрікменстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

    "Қазақстандықтар Түрікменстанның зор жетістіктеріне шын ниетпен тілеулес және екі ел арасындағы ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан достық, тату көршілік қатынастар мен жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға ерекше мән береді", - деп жазылған жеделхатта.

    Сонымен қатар мемлекет басшысы өзара бірлескен күш-жігердің нәтижесінде қазақ-түрікмен стратегиялық серіктестігінің көкжиегі кеңейіп, көпжақты қарым-қатынастың даму қарқыны арта түсетініне сенім білдірген.

    Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедовтің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас Түрікменстан халқына бақ-береке тілеген.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.